Accessibility links

Судан Би-би-сидің араб тіліндегі хабар таратуын тоқтатты


Бүгіннен бастап Судан үкіметі елдің солтүстік аймағында Би-би-си агенттігінің араб тіліндегі хабар тарату лицензиясын тоқтатады.

Суданның ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шешім Би-би-си агенттігінің араб қызметі бағдарламаларының мазмұнымен байланысты емес.

Хабарларға қарағанда, Би-би-си елге заңсыз жолмен спутниктік байланысқа арналған құрал-сайман алып кірмек болған, одан өзге автономды оңтүстік Суданда орталық үкіметтің рұқсатынсыз қызмет еткен.

Агенттік өкілдері әзірге бұл жайтқа қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG