Accessibility links

Пхеньян Оңтүстік Корея кемесін басып алды


Пхеньян жексенбі күні Оңтүстік Кореяның балық аулайтын қайығын басып алғандығын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея басшылығының ақпараты бойынша, қайық Корея түбегінің шығыс жағалауында ұсталған. Экипаж Солтүстік Кореяның территориялық аймағына енген деп айыпталып отыр.

Осы жылдың наурыз айында "Чхонон" корветіне жасалған шабуылдан кейін Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның өзара қарым-қатынасы бұзылды.

Жуырда Сары теңізде Оңтүстік Коряның өткізген әскери-теңіз жаттығулары үшін Пхеньян Сеулге жауап қайтаратындығын бірнеше рет мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG