Accessibility links

Уго Чавес АҚШ-тың жаңа елшісін қабылдаудан бас тартты


Венесуэлла президенті Уго Чавес Каракастағы АҚШ-тың жаңа елшісі болып Ларри Палмердің тағайындалуына қарсылық білдірді

Жексенбі күні телеарнадан сөз сөйлеген Чавес АҚШ президенті Барак Обамадан "дипломатия ережелерін сақтамайтын" Палмердің кандидатурасын қайта қарауға шақырды.

Жақында Америка сенатында сөз сөйлеген Ларри Палмер Венесуэлла әскерилерінің моральдық және кәсіби қасиеттеріне қатысты жағымсыз пікір айтқан еді. Ол сондай-ақ Каракастың колумбиялық көтерілісшілермен байланыста болуы мүмкін екендігіне тоқталған еді.

Венесуэлла сыртқы істер министрлігі Америка дипломатын елдің ішкі істеріне араласты деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG