Accessibility links

Руандада президенттік сайлау өтіп жатыр


Бүгін Руандада президент сайлауы өтіп жатыр. Алдын-ала болжамдар бойынша елдің қазіргі президенті Пауль Кагамэ жеңіске жетуі мүмкін. Дауыс беру бүгін таңертең ел астанасы Кигали қаласында басталды.

52 жастағы Пауль Кагамэ елді 1994 жылдан бері басқарып келеді, 2003 жылы өткен кезекті сайлауда 95 пайыз дауыс жинап, екінші мәрте жеңіске жеткен.

Пауль Кагамэден өзге бұл сайлауда үш үміткер бар, олар осыдан жеті жыл бұрынғы президенттік сайлауда Кагамэның жақтастары болған.
XS
SM
MD
LG