Accessibility links

Шығыс Қазақстандағы жол апатынан бес адам қаза тапты


Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында Өскемен-Семей тас жолында үлкен жылдамдықпен келе жатқан «Тойота-Марино» және «Ниссан-Патрол» жеңіл көліктері соқтығысып, бес адам қаза болды.

«Тойотаны» басқарған 36 жастағы әйел рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Тойотаның» жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы қаза тапты. Олардың үшеуі - балалар.

«Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары Өскемен ауруханасына жеткізілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG