Accessibility links

Израиль премьері Газадағы оқиғаға қатысты куәлік етуде


Бүгін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 31 мамырда Газа жағалауында болған қарулы қақтығысқа қатысты куәлік етуде.

Комиссия төрағасы Иааков Тиркельдің мәлімдеуінше, Нетаньяху жартылай жазбаша, жартылай ауызша куәлік етіп отыр. Ол - комиссия алдында түсініктеме беретін мемлекет басшылығындағы үш адамның бірі.

31 мамыр күні Израиль әскерилері Газаға гуманитарлық жүк алып бара жатқан алты кемені басып алған еді. Қақтығыс барысында Түркияның 9 азаматы қаза болды.

Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық дағдарысқа алып келіп, халықаралық қауымдастық болған оқиғаны тергеуді талап етті.
XS
SM
MD
LG