Accessibility links

Африкада мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықпақ


Бүгін Оңтүстік Африка Республикасының бір миллионға жуық мемлекеттік қызметкері ереуілге шығуды көздеп отыр.

Кәсіподақтар конгрессі ел үкіметінің жалақыны тек 7%-ға көтереміз дегенімен келіспей отыр. Мемлекеттік қызметкерлер өз айлығын кем дегенде 8,6%-ға көтеруді талап етуде.

Оңтүстік Африка заңы бойынша полиция мен медицина қызметкерлерінің ереуілге шығуына тыйым салынған, алайда кәсіподақтар оларды бүгінгі наразылық шарасына қатысуға шақырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG