Accessibility links

Ақмола облысындағы жалпы режімдегі колонияда төбелес болды


Ақмола облысындағы жалпы режімдегі колонияда екі топқа бөлінген сотталушылардың арасында төбелес болды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. Ақпаратқа қарағанда, тамыздың 9-ы күні кешке болған қақтығыстың нәтижесінде екі сотталушы дене жарақаттарын алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, төбелеске жазаны өтеудің белгіленген режімімен келіспеген екі сотталушының арандату әрекеттерінен туындаған кикілжің себеп болған. Түзету мекемесіндегі жедел жағдайды ушықтыру мақсатында олар сотталушылардың бір тобын әкімшіліктің талаптарына мойынсұнбауға үгіттеген.

Қазір оқиға орнында Ақмола облысының прокуроры, облыстық ішкі істер департаменті бастығының міндетін атқарушы, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің орталық аппараты мен комитеттің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері жұмыс істеуде.

Жағдайды реттеу барысында сотталушыларға қатысты күш те, арнаулы құрал-жабдықтар да қолданылған жоқ. Алдын-ала шаралар қабылдау және сотталушылармен әңгімелесу жолымен колониядағы жағдай тұрақталып келеді, деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG