Accessibility links

Иран журналисті баспасөз бостандығының қаһарманы атанды


Танымал ирандық журналист әрі диссидент Акбар Ганджи, өз кәсібіндегі өжеттілігі үшін Халықаралық баспасөз институтының "Әлемдік баспасөз бостандығының қаһарманы" атағына ие болды.

Ол 1999 жылы жазған үкіметті сынға алатын тізбекті мақалалары үшін алты жыл түрмеде отырды. Акбар Ганджи темір тордың арғы жағында да жұмыс істеп, өзінің танымал болған "Аруақтар зынданы" ("Подземелье призраков") атты кітабын жазды.

2006 жылы бостандыққа шыққан журналист шетелге кетіп қалған еді. Оның ағылшын тіліндегі "Ирандағы демократия жолы" ("Путь к демократии в Иране") атты кітабы 2008 жылы жарыққа шықты.
XS
SM
MD
LG