Accessibility links

Қытайда сел тасқыны құрбандарының саны өсті


Солтүстік-Батыс Қытайдың Ганьсу провинциясында болған сел тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 337 адамға жетті.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 1200-ден аса адам құтқарылды, тағы 1100-ден аса адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Апат салдарынан 300-ден астам үй қирап, 700-дей үй зақымданды, тағы 3 мыңдай үйді су басып қалды. Жалпы алғанда, табиғат апатынан 47 мың адам зардап шегіп отыр, ал келген шығын әлі нақтылануда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG