Accessibility links

Жапония Қазақстанға $70 миллионға жуық қаржы береді


Бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Жапония арасында Жамбыл облысындағы көлік дәлізін қайта жасау жобасын іске асыру үшін қарыз қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды.

Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал Жапония жағынан Қазақстандағы төтенше және өкілетті елші Нацуи Сигэо қол қойды. Сондай-ақ қол қою рәсіміне Қазақстанның мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Жапония сыртқы істер министрі Кацуя Окада қатысты. Бұл жобаның мақсаты «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және республика автожолдарында жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге негізделіп отыр.

Халықаралық қатынастардың жапондық агенттігі тарапынан берілетін қарыз Жамбыл облысындағы Тараз-Қордай учаскесіндегі 20 шақырым жолды қайта жасауға негізделген. Ақпаратқа қарағанда, шамамен 70 миллион долларды құрайтын қарыз 25 жылға беріледі әрі жеті жылдық жеңілдік мерзімі бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG