Accessibility links

Мәскеуде Химки орманының қорғаушылары ереуіл өткізіп жатыр


Мәскеуде Үкімет үйінің алдында 30-ға жуық экологтар мен қоғамдық ұйым белсенділері Химки орманын қорғау мақсатында наразылық шарасын ұйымдастырып жатыр.

Шара қатысушылары көгалға плакаттар іліп, өздерімен үкімет өкілдерінің бірі кездеспейінше наразылығын тоқтатпайтындығын айтып отыр.

Шараға қатысушылар мен экологтар Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің атына петиция дайындады. Олар премьерден жоспарланып отырған тас жол құрылысын тоқтатып, өзге амалын қарастыруды сұрап отыр.

Жергілікті билік Мәскеу түбіндегі Химки орманын отап, Мәскеу-Петербург тас жолын салмақшы.

XS
SM
MD
LG