Accessibility links

Пәкістанда наразылық шарасы өтіп жатыр


Бүгін Кашмирдің пәкістандық бөлігінде бірнеше жүздеген тұрғын наразылық шарасын ұйымдастырып жатыр. Олар Кашмирдің үндістандық бөлігінде полиция қызметкерлерінің студентті өлтіріп, осыған наразылық білдіруші топты басуда полицияның қару қолданып тағы 50-ге тарта адамның қаза болғандығына наразылық білдіруде.

Тұрғындар өліміне, наразылық білдірушілерге қарсы оқ атқан осы аймақтың қауіпсіздік күштері кінәлі деп хабарланып отыр.

Наразылық білдірушілер жетекшілерінің бірі Азиз Ахмед Гхазали, билік қаһарына іліккен мұсылман бауырларына көмектесу үшін өздерінің Кашмирдің пәкістандық және үндістандық аймағын бөлетін шекараны кесіп өтуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Оның сөзінше бүгінгі наразылық шарасында 300-ге тара адам қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG