Accessibility links

Израиль "Бостандық флотилиясының" миссиясын арандату деп атап отыр


Бүгін, Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барак, Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізбек болған "Бостандық флотилиясының" миссиясын алдын ала жоспарланған арандатушылық деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Израиль қарулы қақтығыстың болатындығы жайлы 31 мамырдан бір апта бұрын хабардар болған.

Эхуд Барактың айтуынша, өздеріне флотилияны ұйымдастырушыларының Израиль әскерімен қарулы қақтығысқа әкелетін арандатушылық әрекетті жоспарлап отырғандығы туралы ақпарат сәуір айында жеткен.

31 мамыр күні флотилия белсенділері мен Израиль әскері арасында болған қақтығыста тоғыз түрік азаматы қаза болды. Израиль жағы өздерінің қару қолдануға мәжбүр болғандарын айтады. Айтуынша, флотилиядағылар әскерилерге қарсы пышақ пен шоқпар қолданған.

XS
SM
MD
LG