Accessibility links

Алматы соты Байтелованың шағымын кері қайтарды


Бүгін Алматы қалалық сотында, «кішігірім бұзақылық» айыбымен он күнге қамауға алынған журналист Жанна Байтелованың аппеляциялық шағымы қаралды. Сот журналисттің арызын кері қайтару туралы шешім шығарды.

Тамыздың 2-і күні Байтелова Алматы қалалық сотының ғимаратына малдың тезегін лақтыру арқылы сот жүйесіне наразылық білдірген еді. Тамыздың 4 күні Алматы әкімшілік соты «Голос Республики» газетінің тілшісі Жанна Байтелованы «кішігірім бұзақылық» айыбымен он күнге қамауға алу туралы шешім шығарған.

Бұған дейін Жетісу аудандық соты Байтелованың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «елбасы» мәртебесін берген заңға қарсы түсірген арыз-шағымын қараудан бас тартқан еді. Арызданушы соттан құжатты заңсыз деп тануын, осындай заң қабылдаған парламент палаталарының төрағаларын, премьер-министрді жауапқа тартуын сұраған еді.

Президент үстелінде бір ай жатқан аталған заң жобасы Назарбаев қол қоймаса да маусымның 15-і күні ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG