Accessibility links

Руанда президенті 93% дауыспен қайта сайланды


Руанда президенті Поль Кагаме 93% басымдылықпен екінші мәрте жеті жылдық мерзімге қайта сайланып отыр. Бұл дүйсенбі күні өткен президенттік сайлаудың сейсенбі күні шыққан алдын ала мәліметтері.

Оппозиция болса, билік өздеріне сайлау алды компаниясын толыққанды жүргізуге мүмкіндік бермеді деп мәлімдеп отыр.

Руандада бейбітшілік орнатып, экономикалық жетістіктерге біршама қол жеткізгендігі үшін президент Поль Кагаме өз елінде айтарлықтай беделге ие.
XS
SM
MD
LG