Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды


Қырғызстанның Шекара қызметі елдің бұрынғы премьер-министрі Игорь Чудиновты ұстады. Бұл туралы Азаттыққа мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінен хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, Чудиновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс Қырғызстаның бас прокуратурасына берілген. Бұрынғы премьердің ұсталуына қатысты оқиғаның басқа мән-жайы туралы әзірге ештеңе айтылмай отыр.
XS
SM
MD
LG