Accessibility links

Террористерден сескенген даниялық басылым кеңсесін қоршап алды


Осыдан 5 жыл бұрын Мұхаммед пайғамбарды қорлаған карикатура жариялап, барша мұсылман қауымының ашу-ызасын туғызған даниялық Jyllands-Posten басылым лаңкестік шабуылдардан қорқып, өз кеңсесін темір сыммен айналдыра қоршап алды.

Басылым Данияның қауіпсіздік қызметінің кеңесіне құлақ асып, осындай шара қабылдап отыр. Газеттің Висбю қаласындағы кеңсесі биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 1 шақырым сым қорғанмен қоршалды.

2005 жылдың қыркүйек айында Данияның газетінде жарияланған 12 карикатураның бірінде Мұхамед пайғамбарға бомба үлгісінде сәлде тағып қойған. Осы оқиғадан кейін көпшілік мұсылман мемлекеттер наразылық білдіріп, тіпті «Әл-Қаидамен» қатысы бар ирак экстремистік тобының басшысы карикатураның ауторы Ларс Вилкстің басына 100 мың доллар тіккендігін жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG