Accessibility links

Алматы қалалық соты Нарымбаевқа қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды


Тамыздың 11 күні Алматы қалалық соты Ермек Нарымбаевтың аппеляциялық шағымын қарап, алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев 26 маусымда төрт жылға бас бостандығынан айрылған еді.

Нарымбаев биылғы мамырдың 1-інде Алматыда өткен демократиялық күштердің жиынында «Назарбаев, кет!» деп ұрандап, жиынды өткізуге кедергі жасаған полицияның іс-әрекетіне наразылық ретінде аштық жариялаған-тын. Бірақ сол күннің кешінде серіктерімен бірге аштық жариялап жатқан жерінен оны полиция ұстап алып кетті.

Полиция оның үстінен әкімшілік іс қозғап, тәртіп бұзған деп танылған Ермек Нарымбаевты мамырдың 2-і күні Алматы әкімшілік соты 15 тәулікке абақтыға қамау туралы шешім шығарды.

Ал кейіннен қамауда отырған оппозициялық қозғалыс жетекшісіне қарсы тағы екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы оған «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып күш көрсетті» деген айыптар тағылды. Осы екі айыптау біріктіріліп, мамырдың 14 күні Ермек Нарымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған-ды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG