Accessibility links

Ауғанстан Пәкістанға көмек жіберді


Ауғанстан Пәкістанның тасқыннан зардап шеккен аймақтарына құтқарушылар тобын жіберді, деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының ауған қызметі. Кабул Пәкістанның Хайбер Пахтунхв провинциясына барлығы төрт мың тоннадан аса дәрі-дәрмек, 23 дәрігерден жасақталған топ пен тоғыз тікұшақ жіберіп отыр.

Исламабадтағы Ауғанстанның бас консулы Маджун Гулабтың мәлімдеуінше, Ауғанстан президенті Хамид Карзай әкімшілігінің бұл көмегі соңғы жылдары екі ел арасында нашарлаған қарым-қатынастың жақсару жолында жасалған маңызды қадам.

БҰҰ-ның хабарлауынша, Пәкістанда соңғы екі аптада табиғи апаттан 14 миллионнан аса адам зардап шеккен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG