Accessibility links

Ресей өрттің тең жартысы өшірілді деді


Ресей үкіметі соңғы 24 сағаттың ішінде өрт сөндірушілер аймақты жайлаған өрттің жартысын өшіре алды деп хабарлады. Бірақ әлі де жанып жатқан жүздеген өрт ошақтары бар.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі сәрсенбі күні елдің 93 мың гектар аймағындағы өрт ауыздықталды деді. Сейсенбі күні елдің 174 мың гектар алқабы өртеніп жатқаны айтылған. Бірақ министрлік 600-ден аса өрт ошағының көбісі әлі басылмағанын айтты.

Бұл деректер Ресей баспасөзінде билік табиғат апатымен дұрыс күреспей жатыр деген наразылықтары жарияланған тұста айтылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG