Accessibility links

БҰҰ: Хезболла жетекшісі Харири өлімі бойынша куәлік беру керек


Ливанда қастандықпен өлтірілген бұрынғы премьер-министр Рафик Хариридің ісін тергеп жатқан БҰҰ-ның трибуналы 2005 жылғы бұл өлімге Израилдің қатысы барлығын әуеден барлап, түсіріп алдық деген Хезболла жетекшісі тергеуге толық-қанды куәлік жасауы керек деді.

БҰҰ сотының прокуроры Хезболла жетекшісі Хассан Насралла бұл іске қатысты маңызды деректер беру керек деп отыр. Ол бұл іске қатысты қандайда бір шынайы мәліметтер тыңғылықты қаралады деді.

2006 жылы шийттік Хезболла тобы Израилмен қақтығысқаннан бері Насралла жасырынып жүрген. Ол өзінде тергеулер үшін маңызды мәліметтер бар екенін айтқан. Израиль Насралланың ол айтқандарын теріске шығарады.
XS
SM
MD
LG