Accessibility links

Украинада газ бағасы тағы өсуі мүмкін


Украинаның ресми өкілі мәлімдегендей, Халықаралық Валюта қорының талабымен Украинада алдағы жылы тағы да газ бағасы айтарлықтай көтеріледі.

Сәрсенбі күні вице-премьер Серги Тигипконың айтуынша, 2011 жылдың сәуірінде көгілдір отын бағасы 50 пайызға өседі. Украин елінде онсызда газ бағасы осы айдың басында 50 процентке көтерілген болатын.

Украинада газ үшін ішкі бағаны өсіру Халықаралық қаржы қорының талабы бойынша жасалып келеді. Өткен айда бұл қор ғаламдық қаржы дағдарысына тап болған украиналық экономикаға көмектесу үшін бұл елге 15 миллиард еуро несие беруді мақұлдаған кезде осындай талап қойған.
XS
SM
MD
LG