Accessibility links

Ресей Абхазияда әуе қорғанысы зымырандарын орнатқан


Бүгін Ресейдің әуе күштері қолбасшылығының басшысы өздерінің Грузияның мәскеушіл жікшіл аймағы Абхазияда әуе қорғанысы зымыранын орнатқандарын мәлімдеді.

Генерал Александр Зелиннің айтуынша, Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймақтарын қорғауда зымыран жүйесін іске қосқан жасақтар мен әуе қорғанысы жүйесінің армиясы бірігіп әрекет ететін болады. Генерал Зелин әуе қорғанысы сияқты жүйелер Оңтүстік Осетияға орналастырылғанын айтты.

Абхазия мен Оңтүстік Осетияны өзінің біртұтас аймағы деп санайтын Грузия бұл әуе қорғанысын орнату шаралары Тбилисидің алаңдаушылығын тудырады деді.

Ресей мен Грузияның тамыз айындағы бес күндік қақтығысынан кейін, 2008 жылы Кремль бұл екі елдің тәуелсіздіктерін мойындаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG