Accessibility links

Ақмола облысындағы колонияда бүлік кезінде бір адам қаза тапты


Ақмола облысындағы жалпы режимдегі колониялардың бірінде сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні болған бүлікте жарақаттанған 57 сотталушы ауруханаға жеткізіліп, ендігі біреуі қаза болып кетті деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

"Өткен түнде Гранитный кентінде жалпы режимдегі колонияда сотталушылар бүлік шығарды. Оларды тәртіпке шақыру үшін 120 адамнан құралған ішкі әскери күштер мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің 60 қызметкері шақыртылды",-дейді Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанат Кешубаев.

Кешубаевтың сөзінше, 57 сотталушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ақпаратқа қарағанда, сотталушылардың бірі қаза болып, тағы бір адам өзін-өзі өртемек болған.
XS
SM
MD
LG