Accessibility links

БҰҰ Пәкістанға көмек жинап жатыр


БҰҰ халықаралық қауымдастықты соңғы 80 жылдағы ең үлкен сел тасқынына ұшырап отырған Пәкістанға көмек көрсетуге шақырып, үндеу тастады. Ұйым бұл мақсатта шамамен 460 миллион доллар қажет екендігін айтады.

БҰҰ төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Джон Холмстың сөзінше, қазіргі таңда ең кем дегенде 6-7 миллион пәкістандықтарға уақытша баспана, таза су, азық-түлік пен медицияналық көмек қажет.

Табиғи апат Пәкістанның 43 миллиондай халық тұратын жеті үлкен аудана айтарлықтай зардап әкелді. БҰҰ-ның бағалауынша, ол аудандарда 14 миллиондай адам көмекке аса мұқтаж.

Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан, Пәкістанда 1200-ден астам адам қаза тапқан. Сел тасқыны, ең аз дегенде, 300 мыңдай тұрғын үйді шайып, миллиондаған адамды баспанасыз қалдырды.
XS
SM
MD
LG