Accessibility links

Мәскеуде мэрдің қызметінен кетуін талап ететін митинг өтеді


Бүгін Мәскеу орталығында қала мэрі Юрий Лужковтың қызметінен кетуін талап ететін оппозицияның рұқсат етілмеген наразылық акциясы өтеді.

"Ашу-ыза күні" атты акцияның ұйымдастырушылары қала басшылығының жүргізіп отырған саясатына қатысты өз наразылықтарын білдірмек. Оның ішінде соңғы болып жатқан аптап ыстыққа Мәскеудің қажетті деңгейде дайын болмағандығы және қала маңындағы өрттердің алдын алмағандығына наразы.

Мәскеу билігі болса митингке жол бермейтінігін айтып, шараны ұйымдастырушыларға ескерту жасады.

XS
SM
MD
LG