Accessibility links

Босния: көлден 60 мәйіт табылды


Босния билігі, елдің шығысындағы жасанды көлден 60 адамның мәйіті табылғандығын мәлімдеді. Мәйіттер, құрылыс жұмысын жүргізу үшін көлдегі су деңгейі азайтылғаннан кейін табылып отыр.

Боснияның хабар-ошарсыз кеткендер ісі бойынша мемлекеттік институттың жетекшісі Амор Масович, бұл мәйіттер алдымен көлге барып құятын Дрина өзеніне тасталған болуы мүмкін дегенді айтады. Оның сөзінше, бұл адамдар 1992-1995 жылдар аралығындағы қанды соғыс барысында өлтірілген.
XS
SM
MD
LG