Accessibility links

Ресей "Курск" құрбандарын еске алып жатыр


Бүгін, Баренц теңізінде "Курск" атом сүңгуір қайығының батып кеткеніне 10 жыл толып отыр.

Соған орай Ресейдің бірнеше қалаларында еске алу шаралары өтеді. Барлық әскери қайықтар мен әскери-теңіз оқу орындарында қаза болған теңізшілер бір сәт үнсіздікпен еске алынады, - делінген Ресейдің әскери -теңіз флотынан таратылған ақпаратта.

"Курск" 2000 жылы 12 тамызда Баренц теңізінде батып кетті. Сүңгуір кемеде болған 118 экипаж мүшесінің барлығы қаза болды. Апатқа субмарина тұмсығында орналасқан торпеданың жарылысы себеп болған.
XS
SM
MD
LG