Accessibility links

Қытайда лай көшкіні құрбандарының саны 1 мыңға жетті


Қытайдың солтүстік-батысында нөсер жаңбырдың салдарынан болған лай көшкінінің құрбандарының саны күн сайын көбейіп келеді. Соңғы ақпараттарға қарағанда апат салдарынан 1 мыңдай адам қаза тапқан, тағы 600 адам із-түзсіз жоғалған.

Құтқару операциялары жалғасуда. Апат ауданынан 45 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді - бұл жергілікті халықтың үштен бірі.

Өткен демалыс күндері Ганьсу провинциясында бірнеше лай көшкіні болып, су мен лай және тас аралас сел тасқыны 6300-дей үйді шайып кеткен болатын, тағы 700 үй қатты зақымданған.

Провинцияда көлік және теміржол қатынасы үзілген, жарық жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG