Accessibility links

АҚШ Босния соғысына қатысы барлығын жасырған адамды соттады


АҚШ-тағы федералды сот алқасы 1998 жылы Америкаға босқын ретінде өтініш бергенде, өзінің Босния соғысына қатысын жасырып қалған орегондық сербті соттады.

Айыптаушылардың айтуынша, Зелико Боскович Орегон штатының билігіне Босния соғысына қатысқан жоқпын деп мәлімдеп, өтірік айтқан. Мұндай айып Босковичке АҚШ-та босқын мәртебесін алу кезінде өткен өмірі туралы шындықты жазбағаны үшін тағылып отыр.

Ол визаны алаяқтық жолмен алып, жалған мәлімдеме жасаған деп танылды. Босковичтің сот үкімі қазанның 14-де Портлендте шығарылады.
XS
SM
MD
LG