Accessibility links

Түркия Израиль рейдін тергейтін өз комиссиясын құрды


Түркия үкіметі мамырдың 31-інде Газаға бара жатқан қайырымдылық кемелеріне Израиль әскерінің жасаған рейді кезінде 9 түріктің өлтірілгенін тергеу үшін өз комиссиясын құрып отыр.

Ел сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, комиссия түрік белсенділеріне жасалған шабуылды тергейтін болады. Одан алынған деректер Израилдің операциясын зерттеу үшін құрылған БҰҰ-ның тергеу комиссиясына жолданбақшы.

Израиль егер өз сарбаздары тергелетін болса, БҰҰ-ның комиссиясынан шығатынын айтқан. Израиль бұл істі тергеуге өз елінде екі бердей комиссия құрған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG