Accessibility links

Медведев: құрғақшылықтан 75 пайыз егін алқаптары күйіп кетті


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Ресейдің егін алқаптарының 75 пайызы құрғақшылықтан күйіп кетті деді. Медведев бұл туралы елдің оңтүстігіндегі диқаншылармен кездесуі кезінде айтты. Бірақ ол бұған байланысты бағаның көтерілуіне жол бермеуге шақырды.

"Біз астық пен жем-шөптің бағасының өсуіне жол бермеуіміз тиіс. Біз тіпті оның азық-түлік бағасына, ұн, нан, ет, сүт бағаларына әсер ететінін де түсінуіміз керек", - деді Ресей президенті..

Медведев елдегі фермерлерге, бұл құрғақшылықпен бәріміз бірігіп күресіп, нарықтағы бағаны тұрақтандыруымыз керек деп айтты.

Осыған дейін Ресей тамыздың 15-інен желтоқсанның 31-іне дейін астық экспортына тыйым салған болатын. Медведев бейсенбі күні бұл шектеу ертерек алынатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG