Accessibility links

Ирандық әйелдің адвокаты "клиентімді күштеп мойындатты" дейді


Иран билігі таспен атып өлтіру жазасына кескен әйелдің адвокаты британдық Guardian газетіне сұхбат беріп, "клиентімді азаптап, күштеп мойындатты" деп мәлімдеді.

Ирандық әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын Иран мемлекеттік теледидарының эфирі арқылы мойындаған еді. Оған қоса күйеуінің ажалына да қатысы барын айтқан. Ал адвокат Хутан Кианның айтуынша, Сакинех Мохаммади Аштиани қысымға шыдамаған. Адвокаттың айтуынша, теледидарға түсірерден бұрын әйелді аяусыз сабап, азаптаған.

Хутан Киан енді Иран билігі Сакинех Мохаммади Аштианиге бұйрылған өлім жазасы іске асуы мүмкін деген қаупін де айтты.

Соңғы деректер бойынша, Сакинех Мохаммади Аштианиді дарға асуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG