Accessibility links

Қырғызстанның экс-премьері қолхат жазып, бостандыққа шықты


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Игорь Чудинов ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазып, бостандыққа шықты. Ол тақтан тайған президент Құрманбек Бәкиевтің тұсында, 2007-2009 жылдары үкімет басшысы болған.

Игорь Чудинов осы аптада өзін тұтқындау жөнінде ордер шыққанын білген соң билік орындарына еркімен берілді. Оған қандай айып тағылғаны әзірше белгісіз. Игорь Чудинов сотқа дейін үйқамақта отырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG