Accessibility links

Йоханнесбург маңындағы шахтадан 4 адамның мәйіті табылды


Оңтүстік Африка Республикасының полициясы, президент Джакоба Зумамен бұрынғы президент Нельсон Мандела туыстарының бақылауындағы шахтадан төрт адамның мәйітін тапқандығын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні баспасөз беттерінде, Йоханнесбург шығысындағы Grootvlei шахтасының күзетшілері 20-ға жуық заңсыз жұмыс істеп жүрген кеншіні атып өлтіргендігі жайында ақпарат тарады.

Оңтүстік Африкадағы билеуші ұлттық конгресс бұл жайтты сынға алып, полицияға кеншілер өлімін тергеуді тапсырды.

Grootvlei шахтасы президент Зума мен Манделаның немересі төрағалық ететін Aurora компаниясына қарайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG