Accessibility links

АҚШ-тың теңіз әскері Пәкістанға көмек жеткізді


АҚШ әскерінің кемесі мен тікұшақтары Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жеткізді. Қазір америкалық теңізшілер Карачи жағалауына келіп тоқтады. Құрама Штаттар Пәкістанға қолдау ретінде 71 миллион доллар ұсынған.

Бұл тұста жергілікті халық Пәкістан үкіметін су тасқыны апатымен қажетті деңгейде күреспей жатыр деп сынады. Елде 7 миллион адам шұғыл көмекке зәру болып отыр. Олардың үйлерін су шайып кетіп, далада қалған.

Ал Пәкістан президенті Асиф Али Зардари апат болған аймақтарға тек бейсенбі күніғана сапарлап шықты.
XS
SM
MD
LG