Accessibility links

Гейтс: Конгресс Ауғанстанға бейбіт көмекті болдыртпай отыр


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ауғанстанға көбірек бейбіт қолдау көрсетуде Конгрестің ұстанымын өзгертуге шақырды. Сан-Францискода сөйлеген Гейтс Мемлекеттік департаменттің соғыс аймағындағы қаржы көздері Конгрестің ұстанымына байланысты жетпей жатыр деді.

Конгресмендер осы жылға сұралған 550 миллиард долларлық бюджетті бекіткенімен, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон ұсынған 50 миллиард долларды қысқартып тастады деді ол.

Пентагонның айтуынша, қазірде Ауғанстанда жұмыс жасап жатқан АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің бір мыңдай қызметкері бар. Роберт Гейтстің айтуынша, Ауғанстандағы соғыстың дипломатиялық жағына да көбірек назар аудару маңызды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG