Accessibility links

Сенатор Джон Керри Пәкістанның апат болған аймағына барады


АҚШ сенаторы Джон Керри алдағы аптада Пәкістанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарын аралайды. Ол пәкістандықтарға берілген көмектің қалай таратылып жатқанын бақылайтын болады.

Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілінің орынбасары Дэн Фельдман хабарлады. Оның айтуынша, бұл сапар Пәкістанға келіп жатқан халықаралық көмектің қоғамдағы орнын көтеруге көмектесетін болады. Сапардың бағдарламасы туралы кейінірек хабарланады.

Сенаттың сыртқы байланыстар жөніндегі комитетін басқаратын Джон Керри өткен жылы Пәкістанға ұсынылған 7,5 миллиард доллар көмек жобасының авторларының бірі. Бұл АҚШ саясаткерлерінің 14 миллион адам жапа шеккен табиғат апаты орын алғаннан бері Пәкістанға жасаған алғашқы сапары болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG