Accessibility links

Аптап ыстық пен жойқын өрттен кейін Мәскеуде жаңбыр жауды


Ресейде бірнеше аптаға созылған аптап ыстық пен құрғақшылықтан кейін бірінші рет Мәскеуде жауын жауды.

Бірақ қаладағы көк түтін мен қалың тұманның денсаулыққа әсеріне қатысты қатер әлі сейілген жоқ. Өрт сөндірушілер Ресейдің ірі ядролық зерттеу орталығы орналасқан Саров қаласы маңындағы өртпен күресіп жатыр.

Алапат өрт сондай-ақ Чернобыль ядролық апаты болған Ресейдің Украинамен шекаралас аймағына да жақындады. Бұл жердегі өрттің салдарынан Чернобыльге жақын жердегі радиация қайта көтерілу мүмкіндігі елді алаңдатып отыр.
XS
SM
MD
LG