Accessibility links

Мәскеуде қала мэріне қарсы шеру өткізген ондаған адам ұсталды


Ресей ақпарат құралдары хабарлағандай, Мәскеу мэрінің кеңсесі алдында наразылық шарасын өткізгендердің 30 шақтысы қамауға алынды.

Полиция оларды заңсыз митинг өткізіп, жол-көлік қозғалысын қиындатты деген айыппен ұстаған. Қамалғандар қатарында “Адам құқықтары үшін” қозғалысының басшысы Лев Пономорев бар.

Хабарларға қарағанда, шерушілер қала мэрі Юрий Лужковтың орнынан кетуін талап еткен. Олар Мәскеу маңында өрт шыққан алғашқы күндері Лужковты демалыста жүрді деп айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG