Accessibility links

Қырғыз уақытша үкіметі экс-президент Ақаевты иммунитетінен айырды


Қырғызстанның уақытша үкіметі бұрынғы президент Асқар Ақаевты заң алдындағы қорғанысынан айырды. Бұл туралы Роза Отунбаеваның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап, “Независимая газета” жариялады.

Бұл бастаманы қайтадан вице-премьер болып сайланған Әзімбек Бекназаров ұсынып, оны уақытша үкіметтің 9 мүшесі қолдады. Үш адам – Темір Сариев, Эльмира Ибраимова және Абдығани Еркебаев Ақаевты мәртебесінен айыруға қарсы шықты.

Сонымен бірге 2005 жылы наурыз айында биліктен қуылған Ақаевқа қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалып отыр. Бірақ оның заң алдындағы иммунитетіне байланысты оны Ресейден экстрадициялау мүмкін болмай келген делінген уақытша үкіметтің таратқан қаулысында.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG