Accessibility links

Еуро кеңістіктің экономикалық өсімі 1 пайызға көтерілген


Еуро валютасын қолданатын 16 елдің екінші тоқсандағы экономикалық өсімі Германияның арқасында бір пайызға көтерілген. Еуропаның статистикалық кеңсесі таратқан көрсеткіштерге қарағанда, экономикалық өсім нарықта күтілгеннен жоғары болып шықты.

Осының алдында Еуропаның ең үлкен елі Германияның соңғы тоқсандағы экономикалық өсімі алдыңғы үш аймен салыстырғанда 2,2 процентке өскені хабарланған.

Бұл тұста қаржы дағдарысына тап болған Еуропалық ел Грекия экономикасы осы жылдың екінші тоқсанында 1,5 процентке төмендеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG