Accessibility links

Курамшин: түрмедегілерді ешкіммен байланыстырмай отыр


Жұма күні Көкшетау ауруханаларының бірінде ауыр халде жатқан сотталушының бірі қаза болды. Тамыздың 12-сіне қараған түні Ақмола облысының Гранитный кентіндегі жалпы режимдегі колонияда сотталушылар көтерілген дүрбелең кезінде 80 шақты тұтқын жараланып, 44-і ауруханаға жатқызылған.

Түрмедегі сотталғандарды басу мақсатында 120 ішкі әскер мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 60 қызметкері колонияға кіргізілген.

Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный елді мекенінде орналасқан жалпы режимдегі түрмеде бүлік шыққаннан бері түрме әкімшілігі сотталушыларды туысқандарымен де, адвокаттарменде кездестіруден бас тартып отыр. Бұл жөнінде жұма күні құқық қорғаушы Вадим Курамшин мәлімдеді.

Бірнеше сотталушылардың туысқандары қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығынан сотталушылармен кездесуін талап етіп Астанаға келгенін айтты.
XS
SM
MD
LG