Accessibility links

Пәкістан су тасқынына байланысты тәуелсіздік күнін атап өтпейді


Бүгін - Пәкістанның тәуелсіздік күні. Бірақ елдегі 14 миллион халыққа зардабын тигізген су тасқыны апатына байланысты мерекелік шаралар аталып өтпейтін болды.

Пәкістан президенті, үкімет басшысы мен әскерилері Пәкістан елінің құрылғанына 63 жыл толғанын атап өтуге жоспарланған шараларын кейінге қалдырды.

Су тасқыны болған аймақтарда жұқпалы аурулар тарай бастады. БҰҰ-ның ресмилері Суат жазығы аймағындағы Мингорада тырысқақ ауруы тіркелгенін айтты. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сенбі күні Пәкістанның табиғат апатынан зардап шеккен аймағына барады деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG