Accessibility links

Ауғанстанда Хаккани содырлары өлтірілді


НАТО мен ауғандық күштердің елдің оңтүстік шығысындағы операциясы кезінде 20 шақты исламшыл жауынгер өлтірілді.

НАТО әскерилері хабарлағандай, оқиға Ауғанстанның Пәкістанмен шекаралас аймағында болған. Қақтығыста араб, шешен және пәкістандық жасақтар көз жұмған. Олардың талибан мен әл-Қаида ұйымына қатысы бар екендігі хабарланып отыр.

АҚШ Жалалуддин Хаккани басқаратын талибан жасақтарын ең қауіпті топтардың бірі деп санайды. Оларға қарсы операциялар Пактия провинциясының Задран ауданындағы таулы аймақта тамыздың 11-де басталған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG