Accessibility links

Пәкістанда жолаушылар автобусына шабуыл болып, 10 адам қаза тапты


Пәкістан ресмилері хабарлағандай, сенбіге қараған түні елдің оңтүстік шығысында қарулы топ жолаушылар автобусына шабуылдап, 10 адамды атып өлтірген.

Оқиға мұнайлы аймақ Белуджистан провинциясындағы Кветта қаласынан 75 шақырымдай жерде орын алған. Ресмилердің айтуынша, 35 қарулы адам автобусты тоқтатып, жолаушыларды түсіріп, 10-ын атып кеткен.

Жолаушылар көлігі Лахор қаласына бара жатқан. Қаза тапқандардың бәрі пенджаби тілінде сөйлейтіндер. Шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алмады.
XS
SM
MD
LG