Accessibility links

Human Rights Watch өзбек құқық қорғаушысын босатуға шақырды


Адам құқын қорғаушы Human Rights Watch ұйымы Өзбекстан билігін 13 жылға түрмеге жабылған құқық қорғаушының ісін қайта қарауды сұрады.

Сенбі күні ұйымның таратқан мәлімдемесінде, өзбекстандық Гаибулла Джалиловке қарсы айғақ-дәлелдер жеткіліксіз болды деді. Джалилов діни экстремизм айыбы бойынша тоғыз жылдық жазасын өтеп жатыр.

Human Rights Watch ұйымы оның жаза мерзімі өткен аптада конституцияға қарсы әрекет етті деген жаңа айыппен жабық есік жағдайындағы сот арқылы тағы 4 жылға ұзартылғанын айтты.

Өзбек билігі адам құқын қорғаушыларды жиі нысанаға алып, оларды қудалап келеді дейді Human Rights Watch.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG