Accessibility links

АҚШ-тың өрт сөндіру жабдықтары тиелген ұшағы Мәскеуге жетті


Ресейдегі жойқын өртпен күреске көмек ретінде АҚШ-тың су құятын үлкен цистерна, медициналық жабдықтар, өрттен қорғанатын киімдер тиелген үш ұшағы сенбі күні Мәскеуге қонды. Калифорния губернаторы Арнольд Шварценеггердің тапсырысымен жеткен жүк ұшағының екеуі Внуково әуежайына қонған.

Алдағы күндері Америка Ресейге тағы да осындай жүк тиелген екі ұшақ аттандырмақшы. Ресейде бірнеше аптаға созылған алапат өрт сенбі күні елдегі ірі ядролық зерттеу орталығына жақындады.

Ресейдің орталығы мен батысындағы 174 мыңнан аса гектар орман алқаптарына жайылған өрттен 50-ден аса адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG