Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Пәкістанның су тасыған аймағына барады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун миллиондаған адам су тасқыны апатының зардабын тартып отырған Пәкістанға барады.

Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани елдегі халықтың 10 пайызы 20 миллиондай адам су тасқынынан жапа шегіп, ел тарихындағы ең жаман гуманитарлық дағдарыс болып отыр деді.

Пәкістан елдегі орасан көп адам шығынына қатысты сенбі күні тәуелсіздік мерекесін атап өтуді кейінге қалдырды. Табиғат апаты болған аймақтарда тырысқақ, ішек аурулары тіркелді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG